Қырғызстанда инфекциялық емес аурулар бойынша зерттеу жүріп жатыр

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі инфекциялық емес аурулар бойынша ұлттық STEPS-зерттеуін жүргізіп жатыр. Мәселе қатерлі ісік, қант диабеті және тыныс алу жолдары аурулары жайында.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір 18 бен 69 жас аралығындағы 2 мың 800 адамды тексеріп жатыр.

Тексеру үш кезеңнен тұрады: сауалнама жүргізу, антропометрикалық өлшем және қан биохимиясына талдау жасау.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда қант диабеті ауруына шалдыққан 74 мың адам тіркеуде тұр. Бұл көрсеткіш жыл сайын 5-7 мыңға өсіп отыр екен.

2023 жылы қатерлі ісік ауруына шалдыққан 30 мың адам тіркеуде тұр. Жыл сайын 5,5 мың адамнан қатерлі ісік ауруы анықталады екен.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий