Қырғызстанда ипотека бойынша жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Қырғызстанда мемлекеттік несие бойынша жаңа бағдарлама басталып, ипотека алудың жолы өзгерді.

Мемлекеттік ипотекалық компанияның (МИК) баспасөз хатшысы Жұлдыз Бекбаева хабарлағандай, «Менің үйім 2021-2026» тұрғын үй бағдарламасы 25 шілдеде ресми басталды.

Осыған дейін ипотекалық несие 6-8 пайызбен 15 жылға дейін беріліп келсе, енді 4 пайызбен 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бұрынғыдай дәрігерлер, мұғалімдер және басқа әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттағылар деген шектеу болмайды. Кез-келген қырғыз азаматы өтініш бере алады.

Бүдан бөлек тұрғын үй қоры құрылып, пәтерлер жалға беріледі, кейін меншікке беріледі. Бастапқы төлем деген талап қойылмайды.

Қырғызстанда мемлекеттік ипотека жүйесі бойынша 2015 жылдан бері 5240 адам несие алған. Кезекте 10 мың адам бар.

Бішкекте борышкерлер мемлекеттік ипотеканың жылдық пайызын азайтуды талап етіп, бірнеше рет митинг өткізген.

Коммерциялық банктерде ипотекалық несиенің пайызы орташа 17-18% құрайды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий