Қырғызстанда маусым айында бензин қымбаттауы мүмкін

Қырғызстанда екі айдың көлемінде бензин бағасы 5-6 сомға көтеріледі. Бұл туралы елдің мұнай трейдерлері қауымдастығы хабарлады.

Қауымдастық мәліметінше, сәуірден бері жергілікті мұнай трейдерлері бензинді тиімсіз бағамен сатып келген. Соған қарамастан дизель бағасы жыл басынан бері 4 пайызға арзандаған.

«2023 жылғы қаңтардан бастап осы күнге дейін жанармай нарығындағы басты ойыншылар бензиннің бір литрінің бағасын 7-8 сомға немесе 13 пайызға түсірді. Енді жергілікті мұнай трейдерлері екі айдың ішінде бөлшек саудада бензин бағасын 5-6 сомға көтеруге мәжбүр» деп хабарлады қауымдастық.

1 маусымда Бішкекте сұранысқа ие АИ-92 бензинінің бір литрі орташа есеппен 54-55 сомға сатылды.

Қырғызстанда кейінгі екі жылда жанармай бағасы шамамен екі есеге көтерілді. Қырғызстан мұнай өнімдерінің 95 пайызын Ресейден импорттайды. Республика жылына 1,3-1,5 млн тонна жанармай тұтынады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий