Қырғызстанда милиция қызметкерінің үйінен заңсыз мигранттар табылған

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Лейлек аудандық ішкі істер бөлімі жетекшісінің үйінен елге заңсыз кірген үш шетел азаматының табылғанын мәлімдеді.

«Қырғыз мемлекетінің шекарасын заңсыз кесіп өту бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. У.Ж.Н. деген милиция қызметкерінің үйін тінту кезінде көрші елден келген үш азаматтың заңсыз жүргені анықталды», — деп айтылған мәліметте.

Арнайы қызмет оның шетел азаматтарын үйінде жұмыс істетіп жатқанын жеткізді.

Қырғызстанға көрші Өзбекстан, Тәжікстаннан еңбек мигранттары келіп жұмыс істейді. Олар шекарадан заңды түрде өтіп, еңбек патентін алуы тиіс.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий