Қырғызстанда ойынхана ашу жөніндегі заң жобасын қабылдаған депутаттар жанжалдасып қалды

Парламент депутаттары 21 сәуірдегі жиналыста Ыстық-Көл облысында ойынхана ашу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. 68 депутат жобаны қолдаса, 23-і қарсы шықты.

Заң жобасы қабылданған соң депутаттардың бірқатары қайтадан дауысқа салуды талап етті. Торобай Зулпукаровтың мәлімдеуінше, депутаттардың көбі не үшін дауыс бергенін түсінбей қалған.

Рыскелди Момбеков заң жобасы талқыланған 8 сәуірден бері «депутаттар арасында насихат жүргізіліп, тіпті кейбіреуін қорқытқан» деп мәлімдеді.

Соңында депутаттар бұған дейінгі келісімнің күшін жою мәселесін дауысқа салды, бірақ бұл бастаманы қолдағандар аз болды. Осылайша, спикер Талант Мамытов заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды деп жариялады.

Еске салайық, депутаттар Бактыбек Турусбеков пен Дастанбек Жұмабеков Ыстық-Көл облысындағы «Тамчи» әуежайының маңынан 1200 гектар жер бөлуді, сонда ойынхана мен бірнеше қонақүй салуды ұсынды. Ойынхана ашуға осы жерде ғана рұқсат беріледі. Оған Қырғызстан азаматтары жіберілмейді.

Қырғызстанда ойынханалар 2012 жылы жабылған.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий