Қырғызстанда тұрғындарды электр энергиясын үнемдеуге шақырды

«Қырғызстанның ұлттық электр желілері» (ҚҰЭЖ) 6 қазанда республика бойынша электр энергиясын пайдалану артқанын айтып, халықты үнемдеуге шақырды.

Компания баспасөз қызметінің таратқан ақпараты бойынша, 5 қазанда тұрғындардың бір тәулікте пайдаданған электр энергиясы сағатына 40 млн кВт болған. Әдетте үкіметтің бір тәулікке қойған шегі — сағатына 32,5 млн кВт болатын.

Қыркүйек айында қырғыз халқы 890 млн 374 мың кВт электр энергиясын пайдаланған. Бұл былтырғы жылға қарағанда 34 млн 351 мың кВт-қа көп.

Осыларды есепке алып, ұлттық компания халықты электр энергиясын үнемдеуге шақырды.

Қырғызстан соңғы жылдары Тоқтағұл су қоймасында су деңгейінің түсіп кетуіне байланысты қиындыққа тап болып отыр.

Қазан айындағы көрсеткіш бойынша су қоймасында 12,3 млрд текшеметр су бар. Қалыпты жағдайда, қыстан аман-есен өте үшін 16-17 млрд текшеметр су болуы қажет екен.

Қырғызстан қазір Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстаннан электр энергиясын сатып алып отыр. Бұдан бөлек қазір Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий