Қырғызстанда жаңа оппозициялық қозғалыс құрылды

31 наурызда Бішкекте жаңа оппозициялық құрылым — «Қырғызстанның біріккен демократиялық қозғалысы» құрылғаны жарияланды. Қозғалыс мүшелері бағдарламасын Максим Горький атындағы саябақта таныстырды.

Оппозициялық қозғалыс құрамына Равшан Жеенбеков, Клара Сооронқұлова, Бектұр Асанов, Мәмбетжүніс Абылов, Әсия Сасықбаева, Кенешбек Дүйшобаев сынды саясаткерлер, адам құқықтарын қорғаушы Рита Қарасартова және басқа да белсенділер кірді.

Жаңа саяси ұйым мүшелері билікке демократиялық институттар мен құндылықтарды қалпына келтірудің өзіндік жолын ұсынуды көздеп отыр. Сонымен бірге, белсенділер әділетті сот жүйесін көксейді. Белсенділер дағдарысқа қарсы шаралар мен кедейшілікпен күресу жөніндегі ұсыныстар айтады.

Қозғалыс үйлестірушісі болып Мәмбетжүнүс Абылов сайланды.

Қырғызстанда осы тәріздес қозғалыстар 2005, 2008 және 2014 жылдары да құрылған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий