Бұл туралы Баткен облыстық ішкі істер басқармасы мәлімдеді. Марқұм журналист Арзыгүл Галымбетова жергілікті милицияға шағымданып, 25 наурызда Youtube каналындағы ”Бетпе-бет” бағдарламасының авторы Батмакан Жолболдуева өзін қаралап жатқанын айтқан.
“Сол күні 25 наурызда арызданушы денсаулығы нашарлап, сағат 20.00 шамасында ауруханаға барады. Арзыгүл Галымбетоваға дәрігерлер көмек бергеніне қарамастан, ол сол түні қайтыс болды.
Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 127-бабы (“Өлімге апару”) бойынша іс қозғалып, тиісті сараптама дайындалды. Тергеу ісі негізінде Баткен қаласының 33 жастағы тұрғыны Б.Ж. атты азамат ұсталды”,- делінген мәліметте.
Жолболдуеваның туыстары бұл оқиға бойынша пікір білдірмеді.
Өткен айда Жолболдуева президенттің Баткендегі өкілдігінің аппарат жетекшісі Әлихан Ураимов телефонын тартып алып, қол көтергені жайлы айтқан. Ураимов мұны теріске шығарған. Адам құқықтарын қорғау жөніндегі институт бұл істі бақылауға алғанын мәлімдеген.
37 жастағы Арзыгүл Галымбетова Бішкектегі гуманитарлық университеттің журналистика факультетін бітірген. «Манас жаңырыгы» телеканалында, кейін «КТР-Обо» газетінде істеген. Соңғы жылдары Баткен облыстық телеканалда және Akipress сайтында еңбектеніп келген.