Қырғызстаннан Қазақстанға 30 тонна қант заңсыз өткізілмек болған

Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы «Чоң-Капка» өткізу бекетінде 30 тонна қантты заңсыз өткізбек болған жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды.

Қырғызстанның Шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, 25 маусымда қазақстандық жүргізушінің көлігін тексерген кезде, селитра салынған қаптардың арасына қант тиегені анықталған.

Тиісті құжаттар толтырылғаннан кейін жүргізуші мен оның тасыған жүгі тиісті органдарға берілген.

Қырғызстан 1 маусымнан бастап қантты экспорттауға жарты жылға тыйым салған.

Мамыр айының соңында Қырғызстанда қант бағасы бірден қымбаттаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий