Қырғызстанның оңтүстігінде 100-ден астам адам тамақтан уланып ауруханаға түсті

Jalal-Abad / Suzak Hospital / 13-Oct 2021

Жалал-абад облысы Созақ ауданында тамақтан уланып ауруханаға түскендер саны — 106 адамға жетті. Бұл туралы 13 қазанда аудандық жұқпалы аурухананың бөлім басшысы Асадилла Мурсалиев хабарлады.

Оның сөзінше, Бек-абадтағы ауруханаға науқастар 11 қазанға қараған түні түсе бастаған. Олардың көбінің іші өтіп, құсып, дене қызуы көтерілген.

Қазір ауруханада 16 науқас емделіп жатыр. Олардың төртеуі жас бала, арасында екі жүкті әйел бар.

Науқастар жылқы етінен улануы мүмкін екені айтылып жатыр. Мәлім болғандай, 10 қазанда Бек-абад ауылында той өткен. Онда жылқы сойылған. Зерттеу нәтижесі әлі шықпаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий