Қытай Қырғызстанға коронавирусқа қарсы вакцинаның 150 мың дозасын береді

11 мамырда Қытайдың Сиань қаласында Қырғызстан мен Қытайдың сыртқы істер министрлері Руслан Казакбаев пен Ван И кездесті.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, олар Қырғызстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға экспорттау, екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру, «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолының құрылысын талқылады. Сонымен бірге Қырғызстанның Қытайға қарызы сөз болды.

Министр Ван И Қырғызстанға коронавирусқа қарсы вакцинаның 150 мың дозасын, бұған қоса экономиканы қолдау үшін 350 млн юань (шамамен 54 млн доллар) грант беретінін айтты.

Келіссөздер нәтижесінде Қырғызстан мен Қытайдың 2022-2023 жылдарға арналған әріптестік бағдарламасы қабылданды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий