Қытайдың Чжэнчжоу қаласында Apple смартфондарын өндіретін зауытта жұмысшылар мен полиция арасында қақтығыс болды. Полиция кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысының төмен және жұмыс жағдайының нашарлығына қарсы шыққан акцияны күшпен басты.
Әлеуметтік желі арқылы тараған видеода жүздеген жұмысшының ақ қорғаныс костюмін киген полиция қызметкерлеріне қарсы наразылығын көруге болады. Кадрда наразылыққа қатысушылардың жалақының төмен және санитарлық жағдайының нашар екенін айтып, шағымданғаны естіліп жатыр.
Наразылық сейсенбі күні таңертең басталды. Олар Apple-дың қосалқы мердігер компаниясы Foxconn соңғы екі айдың жалақысы 25 мың юан (3,5 мың доллар) төлемегенін айтады. Бейсенбі күні Foxconn айлықтың дер кезінде төленбеуіне «техникалық ақау» себеп болғанын айтып, жұмысшылардан кешірім сұрады.
Жұмысшылар сонымен бірге COVID-19 вирусын жұқтырған әріптестерін оқшауламайтынын айтып, шағымданды. Foxconn болса, бұл ақпарат шындыққа мүлдем сәйкес келмейді деді.
Apple Чжэнчжоу зауытындағы келеңсіздіктерге байланысты iPhone 14 өндіруді азаятынын жеткізді.
Қытай билігі бір тәулікте 31,7 мыңға жуық адамға коронавирус жұққанын хабарлаған.
Вирус жұқтырғаны анықталған адамдардың 87 пайызында ауру белгісі байқалмаған. 23 қарашада Қытайда бір науқас COVID-19-дан қайтыс болған. Елде коронавирустан өлгендер 5 232-ге жетті.
ҚХР билігі COVID-19-ға қатысты қатаң саясат ұстанып отыр. 2022 жылы Шанхайда локдаун жарияланып, қала тұрғындары бірнеше апта бойы пәтерден шықпай отырды.