2021 жылдың 9 желтоқсаны, Алматы қ. Қазақстан аумағында Exeed премиум брендінің автомобильдерін Orbis Auto автомобиль тобы ресми түрде сату және қызмет көрсету құқығына ие болды. Тиісті эксклюзивті дистрибьюторлық келісімге Orbis Auto еншілес кәсіпорны – Auto Prime Kazakhstan компаниясы және қытайлық Anhui Exeed Automobile Co.LTD. компаниясы қол қойды.
Exeed брендінің алғашқы дилерлік орталықтарының Қазақстанда ашылуы 2022 жылдың көктеміне белгіленген. Келесі жылы Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай және Атырауда жеті дилерлік орталық ашылатын болады. 2023 жылы дилерлік желіні 11-ге дейін, ал 2024 жылы 19 автоорталыққа дейін арттыру жоспарлануда. Orbis Auto стратегиялық жоспарлары – елдің барлық өңірлерінде сатып алушыларға Exeed автомобильдерін сату және сервистік қызмет көрсету кезінде ең жоғары сапа стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін заманауи дилерлік желіні құру.
Exceed идеологиясы – бұл нарықта жоғары класты дизайнды, жасанды интеллектті қолдануға негізделген озық технологияларды, премиум сапа мен қызмет көрсету деңгейін біріктіретін автомобильдерді ұсыну. Соңғы жарты ғасырда Қытай аграрлық елден әлемдегі ең озық экономикалардың біріне дейін жол жасады. Бүгінде онда түрлі салаларда жаңа технологияларды әзірлеу орталықтары шоғырланған және автоөнеркәсіп өсіп келеді.
«Біздің философиямыз – үнемі өзін-өзі жетілдіру. Біз жақсы болуға, дамуға, батылдық танытуға, зерттелмегенді зерттеуге және жаңа сын-тегеуріндерді қабылдауға ұмтыламыз. Біздің ұстанымымыз – күн сайын жақсы өмір мен жақсы болашақ үшін