Қытайда вирустан 80 адам көз жұмды; ауру тарап жатыр

Қытай билігі коронавирустың өте жылдам тарап жатқанын айтып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, вирусты 2 300 адам жұқтырған, қаза тапқандары саны — 80.

26 қаңтарда Қытай денсаулық сақтау министрі Ма Сяовэй жаңа вирус өте жылдам тарап жатыр деп мәлімдеді. Сяовэй қозғалысқа шектеу қойып, бақылауды барынша күшейту нәтижесін береді деп есептейді.

26 қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау бас директоры жағдайды өз көрімен көріп, мамандармен пікірлесу үшін Бейжіңге баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Басқа елдерде де жаңа вирусты жұқтырған азаматтарды анықтап жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, Таиланд, Аустралия, АҚШ, Канада елдерінде вирусты жұқтырған азаматтар тіркелген. АҚШ, Канада және Франция және Жапония азаматтарын вирус ошағы шыққан қаладан көшіріп алуға дайындалып жатыр.

Қытайда бірнеше қала жабылып, қоғамдық көліктерге шектеу қойылған.

Қытай туристік қауымдастығы саяхатты уақытша тоқтататынын жариялады.

Қаза тапқандардың денінің жасы 50-ден асқан. Аурудың алғашқы белгілері суық тигенге ұқсайды, жөтеледі, өкпесі ентігіп, демалу қиындайды.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий