30 маусымда Өзбекстанға Қытайдан коронавирусқа қарсы ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының 1 миллион дозасы жеткізілді. Бұл туралы Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Бір күн бұрын, 29 маусымда, Өзбекстанға ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының 1 млн дозасы келген. Денсаулық сақтау министрлігі бұны «қытай-өзбек» вакцинасы деп таныстырды.
Министрліктің мәліметі бойынша, қытай вакцинасының 1 миллион дозасы 27 наурызда, тағы бір миллионы 27 сәуірде, ал 1,5 миллион дозасы 18-19 мамырда, тағы 1 миллион дозасы 10 маусымда келген.
Жеті партиямен әкелінген вакцинаның жалпы саны 6,5 миллион доза болды.
Министрлік елде вакцина қоры 7,4 миллион дозаға (Спутник-V және AstraZeneca вакциналарын қоса есептегенде) жеткенін, соның 3,5 миллион дозасы азаматтарға егілгенін хабарлады.
Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина салу науқаны биыл 1 сәуірде басталды. Мәліметтерге қарағанда, осы уақытқа дейін Өзбекстан халқының 4 пайызы вакцина салдырған.