Адам сату айыбымен іздеуде жүрген өзбек азаматы Біріккен Араб Әмірлігінен (БАӘ) еліне депортацияланды. Бұл туралы Интерполдың Өзбекстандағы бюросы хабарлады.
Мекеме мәліметіне қарағанда, 2013 жылдан бері Интерполдың халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні БАӘ полициясы қамаған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, ол қыздарға айлығы көп жұмыс уәде беріп, Біріккен Араб Әмірлігіне алып барған. Ол жерден олардың төлқұжатын алып қойып, өздерін жезөкшелікпен әрекеттенуге мәжбүрлеген.