Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Үндістанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 360 мың жағдай тіркеліп, 3 417 науқас қаза тапты.

Ал соңғы бір аптада вирус 2 миллион 600 мың адамнан анықталып, 24 мыңға жуық науқас қайтыс болған. Жалпы пандемия басталғалы вирустан қайтыс болғандар саны 215 мыңға жеткен.

Індеттің кең етек алуына Үндістанның денсаулық сақтау жүйесі дайын емес болып шықты. Ауруханаларда өте ауыр жағдайдағы науқастарға орын жетіспей, оттегі баллонына тапшылық байқалып жатыр.

Үндістанда пандемия басталғалы бері індет жұққызған адамдардың саны 19 миллионнан асты.

Коронавирустың кең жайылуынан Оңтүстік Азияның басқа аймақтары да зардап шегіп жатқаны хабарланды. Непал және Шри-Ланка өлкелерінде коронавирус жұқтырғандар көбейіп, ауруханаларда орындар, оттегі және дәрі-дәрмек жеткіліксіз болып жатыр.

Пандемияның үшінші толқынын бастан өткеріп жатқан Пәкістан 4 мамырдан бастап Ауғанстан мен Иран шекарасын екі аптаға жапты. Бірақ бұл елдерден келген пәкістандықтарға шекарадан өтуге шектеу жоқ.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий