Үш ресейлік әуе компания Тәжікстаннан Ресейге билет бағасын түсірді

Ресейдің «Уральские авиалинии», «Ямал» және «Сибирь» әуе компаниялары билет бағасын 500 доллардан асырмауға келісті. Бұл жөнінде Азаттықтың тәжік қызметі (Озоди радиосы) Тәжікстанның Азаматтық авиация агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Осыған дейін Ресейге ұшатын тәжік еңбек мигранттары билет бағасының қымбат екенін айтып шағымданған. Сол себептен Тәжікстанның Азаматтық авиация агенттігі 11 мамырдан бастап аталған ресейлік әуе компанияларына Душанбе мен Худжандтан Ресейдің қалаларына рейс ұшыруға тыйым салған.

Тәжікстан ресейлік «Северный ветер» әуе компаниясына жолаушы ұшағын ұшыруға әлі рұқсат бермеді. Себебі әуе компания билет құнын түсіру жөнінде әлі келісімін бермеген.

Жыл сайын бір миллионнан астам тәжік азаматтары Ресейге жұмыс іздеп кетеді. Коронавирус пандемиясы басталғалы бері шекаралар жабылып, Ресей мен Тәжікстан арасындағы әуе қатынасы тоқтаған. Тек биыл 1 сәуірден бастап шектеу алынып тасталды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий