ҰҚШҰ: Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы жанжал тоқтауы тиіс

Қжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Станислав Зась Қырғызстан мен Тәжікстандағы жанжалға қатысты пікір айтты, деп хабарлады «Интерфакс» агенттігі.

«ҰҚШҰ бұл жанжал тоқтауы тиіс деп есептейді. Оны бейбіт жолмен шешу керек. Жанжалды реттеуге көмектесетін барлық шара қолданылып жатыр», — деген Станислав Зась. Оның бұл сөздерін ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов таратты.

Хатшының айтуынша, Душанбеде жүрген Станислав Зась шекарадағы жағдайды Қырғызстанның қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Рыскелді Мұсаевпен және Тәжікстандағы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Насрулло Махмудзодамен талқылаған.

29 сәуірде Душанбеде ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары комитетінің отырысы өтті.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы 1992 жылы құрылды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Беларусь кіреді.

28 сәуірде Қырғызстанның Баткен облысындағы Кок-Таш ауылының маңында, «Головной» су бөлу орталығы аумағында шекаралас ауылдардың тұрғындары қақтысып қалды. 29 сәуірде шекарадағы жағдай ушығып, екі елдің жауынгерлері атысты.

Қырғыз билігінің хабарлауынша, қақтығыс кезінде 134 қырғызстандық жараланып, 13 адам қаза тапқан. Тәжікстанның ақпарат құралдары тоқсанға жуық адам жараланғанын, шамамен он адам қаза тапқанын хабарлады. Бұл мәліметті ресми органдар әзірге растамады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий