Ұйғыр мәселесімен айналысатын ғалымды Өзбекстанға кіргізбеді

1 қарашада Ташкент халықаралық әуежайында Алматыдан келген тіл маманы, жазушы және аудармашы Евгений Бунинді елге кіргізбеді. Ғалым мұндай кедергіні зерттеу тақырыбымен байланыстырады.

Евгений Бунин — өзбек шекарашылары елге себепсіз кіргізбеген тағы бір шетел азаматы.

«Мен Қазақстанда тұрам, бірақ Өзбекстанда қыстап шығам. Маған бұл ел ұнайды. Бұхараға бара жатыр едім. Кеден бақылауынан өтіп жатқанда, төлқұжатымды алып қойды. Бірақ уақыттан соң мені Алматыға қайтаратынын айтты. Себебін түсіндірмеді» деді Бунин.

Шекарашылар оған депортация туралы хат берген. Онда: «Сізді Өзбекстанға не себепті жібермегенін өзіңді де білесіз!» делінген.

Ғалым Евгений Бунин Өзбекстанға кіргізбей тастауын зерттеу тақырыбымен байланыстырады. «Басқа себебі жоқ. Өткен жылы қыста үш-төрт ай Өзбекстанда тұрдым. Саясатқа араласпадым. Мен Шыңжаң мәселесін зерттеймін» дейді ол. Екі ай бұрын ол жергілікті тарихшы әрі саясаткер Анвар Назирдың шақыртуымен Ташкентке барғанын ескертті.

«Шыңжаң мәселесін талқылаған едік. Өзбекстанға кіргізбей қоюына осы себеп болған шығар».

Ғалым қазір Шыңжаңда қытай саясатының құрбаны болғандар туралы мәлімет жинап жүргенін айтты.

34 жастағы ғалым Евгений Бунин ондаған жылдар бойы ұйғыр тілін зерттеп, Шыңжаңда тұрған.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий