Ұлттық қарсыласу майданы 40 тәліпті тұтқынға алғанын мәлімдеді

Ахмад Масуд басқаратын Ұлттық қарсыласу майданы (FANR) Панджшерде «Талибан» қозғалысының ондаған мүшесін тұтқынға алғанын мәлімдеді. Тәліптер болса, мұны негізсіз деді.

15 тамызда Ауғанстандағы Ұлттық қарсыласу майданының Фейсбук парақшасына тәліптермен соғыс кезінде 5 тәліп қайтыс болды, көбі жараланды деп жазған.

Ұйымның баспасөз хатшысы Сибгатулла Ахмади Твиттерге 40 тәліптің ұсталғанын мәлімдеді.

Алайда қазір тәліптер бақылайтын «Бохтар» мемлекеттік агенттігі бұл мәліметті теріске шығарды.

Ахмад Масуд жетекшілік ететін Ұлттық қарсыласу майданы Панджшер аймағында бір жылдан бері тәліптермен соғысып жатыр.

«Талибан» қозғалысы былтыр 15 тамызда Ауғанстан үкіметін басып алған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий