Ұлыбритания Алишер Усмановтың холдингіне қарсы санкция салды

Ұлыбритания ресейлік миллиардер Алишер Усмановтың USM холдингіне, ресейшіл украин саясаткері Виктор Медведчуктың әйелі Оксана Марченкоға және ресейлік олигархтар Владимир Евтушков пен Сулейман Керимовтің отбасы мүшелеріне санкция салды.

Лондон USM холдингінің қожайыны Усманов орыс билігін қолдайды және одан пайда көреді деп есептейді. Бұдан бөлек компания тау-кен өндірісі және санариптік технологиялар бойынша Ресей үшін стратегиялық кәсіппен шұғылданатыны айтылған.

Путинге жақын адамдардың бірі ретінде саналатын Алишер Усманов Батыс елдерінің санкциясына ілінген.

Былтыр қараша айында Өзбекстан Еуроодақтан оған қарсы салынған санкцияларды алып тастауды өтінгенін Financial Times газеті жазған. Онда санкциялар Усмановтың байлығының бір бөлігін Өзбекстанға инвестициялау және қайырымдылық жобаларын іске асыру мүмкіндігін шектегені айтылған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий