Ұлыбритания Иранда британ дипломаты ұсталғаны жөніндегі ақпаратты теріске шығарды

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі Иранда британ дипломатының ұсталғаны жөніндегі ақпаратты шындыққа жанаспайды деді. Бұл жөнінде мекеменің 6 шілдедегі мәлімдемесінде айтылды.

Иранның ақпарат құралдары 5 шілдеде «Ислам революциясының сақшылар корпусы» бірнеше шетел азаматтарының қамалғанын, арасында екінші рангтағы британ дипломаты тыңшылық жасады деген күдікпен қолға түскенін мәлімдеген.

Fars ақпарат агенттігі олар Иранның орталық аймағындағы тыйым салынған жердің үлгісін алып жатқан кезде дронмен анықталғанын жазған.

IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігі британ елшісінің орынбасары Шахдад ол аймаққа отбасымен турист ретінде барғанын, ол аймақтан алыс емес жерде әскери жаттығу өтіп жатқанын хабарлаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий