Әмина Мохаммед Душанбеде: «Украинадағы соғыс азық-түлік дағдарысын туғызды»

БҰҰ бас хатшысының орынбасары Әмина Мохаммедтің мәлімдеуінше, Украинадағы соғыс әлемде азық-түлік дағдарысын туғызды. БҰҰ өкілі 7 маусымда Душанбеде су мәселесіне арналған халықаралық конференцияға қатысты.

Украина әлемге астық экспорттайтын ірі аграрлы елдердің бірі. Бірақ 24 ақпанда оның аумағына Ресей әскері басып кірген соң, Украина әлем нарығына астық шығара алмай қалды. БҰҰ бас хатшысының орынбасары 7 маусымда азық-түлік дағдарысының тереңдеп бара жатқанына алаңдайтынын мәлімдеді.

Әмина Мохаммед әлемдегі табиғи ресурстарды қорғауға үндеді. Ол 2023 жылы Нью-Йоркте су мәселесіне қатысты ірі саммит өтетінін айтты. Мұндай ірі шара соңғы мәрте 50 жыл бұрын ұйымдастырылған.

Душанбедегі конференцияда ірі мұздықтардың ери бастағаны да сөз болды. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 2025 жылды Мұздықтарды қорғау жылы деп жариялауды ұсынды.

Тәжікстан астанасындағы халықаралық конференция 9 маусымда аяқталады. Оған 2 мыңнан астам адам қатысып жатыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий