Әндіжан тұрғыны үйін тартып алуына қарсылық білдіріп, өзін өртеп жіберді (видео)

Өзбекстанның Әндіжан облысының 31 жастағы тұрғыны Хушнуд Гойибназаров 25 қаңтарда күйік шалып қаза тапты. Ол 21 қаңтарда мәжбүрлі орындату бюросы қызметкерлерінің көзінше, өзіне бензин құйып өртеп жіберген.

Белгілі болғандай, 2013 жылы үйі кепілдікке қойылған екен.

«Бауырым үйінде қысты өткізуін сұрады. Бірақ орындаушылар үйді босатпаса, сатып алғысы келетіндер өртеп жібереді деп қорқытты. Ол ашу үстінде өзіне бензин құйып жіберді. Қазір жағдайы өте ауыр», – деген болатын сол кезде марқұмның әпкесі Гульбахор Омонова.

26 қаңтарда Effect.uz сайты Мәжбүрлі орындату бюросының қайғылы оқиғаға байланысты пікірін жариялапты. Онда «Сот шешімі талқыланбайды. Инспекторлар сот шешімі күшіне енген заңды орындауы тиіс» делінген.

Әндіжан прокуратурасы Хушнуд Гойибназаровтың өлімі тергеліп жатқанын мәлімдеді.

Өзбекстанда соңғы жылдары әділетсіздікке қарсы өзіне қол салушылар көбейіп кетті.

Өзбекстан үкіметінің отырысы кезінде ел президенті Шавкат Мирзияев суицид санының көбеюіне алаңдаушылық білдірген.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий