Әндіжандағы Электр желілері кәсіпорнының бас есепшісіне блогерді сабады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы жергілікті басылымдар Өзбекстанның бас прокуратурасына сілтеме жасап хабарласты.
Фатима Жураева есімді блогер 22 қарашада Facebook парақшасына Электр желілері кәсіпорнының Улугнор аудандық бөлімінің бас есепшісі өзін сабап жатқан видеоны жариялаған.
Блогер аталған мекемеге аймақтағы фермерлердің бірінің электр энергиясына қарызы жасанды түрде көбейтілгені туралы мәліметте зерттеу үшін барғанын айтқан.
Жураева бас есепшіге құжаттарды көрсетуді талап еткен. Бірақ бас есепші жауап берудің орнына өзін соққыға жыққан.
Осыған дейін әндіжандық блогерге қарсы бас прокуратура мен Электр желілері кәсіпорнында тергеу ісі жүріп жатқаны хабарланған. Бұл бойынша арнайы комиссия құрылған.
Тергеу нәтижесі бойынша, аталған кәсіпорынның бас есепшісіне қарсы қылмыстық іс қозғалған.
25 қарашада сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша Фатима Жураеваның миы шайқалған, шекесінің сол жағы жарылған, белі және жанбасы жарақат алғаны анықталған.