Әндіжанның бұрынғы басшысы жемқорлық айыбымен 10 жылға сотталды

26 желтоқсанда Өзбекстандағы Ферғана облысының соты Әндіжан қаласының бұрынғы басшысы мен тағы 45 адамға қатысты іс бойынша үкім шығарды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

50 жастағы Бахром Хайдаров «бюджет қаражатын талан-таражға салды», «қызмет бабын асыра пайдаланды», «қылмыспен келген табысты заңдастырды» деп танылды.

Хайдаров 10 жылға сотталды, бұған қоса ол үш жыл бойы жауапты қызметтерде жұмыс істей алмайды, 85 млн 750 мың сум (7,6 мың доллар) айыппұл төлейді.

Қаланың бұрынғы прокуроры Құрбонәли Асқаров 10 жыл алты айға сотталды. Бас бухгалтер Саида Юлчиева шамамен 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұған қоса, Әндіжан облысы әкімдігінің тағы екі шенеунігі жемқорлық айыбымен 8 жылға сотталды. Қалған қырық айыпталушы 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айрылды.

Мәліметтерге қарағанда, қылмыстық іс аясында ұсталғандардың заңсыз әрекетеінен 63 млрд сум $5,6 млн.) материалдық шығын келген. Соның 16 млрд сумы ($1,4 млн.) өндірілген.

Бұған дейін хабарланғандай, Әндіжан қаласының бұрынғы басшысы Бахром Хайдаров бюджеттен аса ірі көлемде ақша ұрлады деген айыппен ұсталған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий