Әскери қызметшілердің тарихтан сыр шертетін мұражайға бір күні

Наурыз мерекесі қарсаңындағы «Тарихқа тағзым» күніне орай Шымкент гарнизонындағы 35748 әскери бөлімінің жеке құрамы отбасы мүшелерімен бірге тарихи-өлкетану мұражайына барды.

Іс-шара XV ғасырдағы Қазақ хандығы туралы сыр шертетін «Қазақ хандығы және қазіргі заман» атты залда орналасқан мұрағаттармен танысудан басталды. Ол жерде сол заманға тиесілі жәдігерлер, көне кітаптар, қыш құмыралар мен қару-жарақтың түрлері қойылған.

Сонымен қатар, әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері «Табиғат, палеонтология, археология», «Этнография», «Тәуелсіз Қазақстан» деп аталатын экспозиция залдарындағы құндылықтармен де кеңінен танысты.

— Бүгін біз отбасымыз және әріптестерімізбен бірге тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасадық. Бұл жерде көптеген тарихи құндылықтарды тамашалап, оның шығу жолдары туралы көп ақпаратқа қанық болдық. Рухани орда ой-өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Бүгінгі «Тарихқа тағзым» күні балаларыма және өзіме өте қызықты өтті, — деп өз ойымен бөлісті сержант Гүлнар Айткұлова.

Іс-шара соңында, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері тарихи-өлкетану мұражайының әкімшілік құрамына алғыстарын айтып, мереке күнімен құттықтады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министрлігі
Шымкент гарнизоны баспасөз қызметі
байланыс телефондары: 87781475425
87472093922 (what’s app)
shymkent_press@mail.ru

Комментарий (0)
Добавить комментарий