Қырғызстан парламенті 30 маусымда Өзбек-қырғыз даму қорын құру туралы келісім ратификациясын екінші оқылымда қарады. Парламенттің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қордың жарғылық капиталы болатын 50 млн долларды өзбек жағы аударады.
Жарғылық капитал болашақта 200 млн доллар болады деп жоспарланған. Қордың бас кеңсесі Бішкекте орналасады, деп хабарлады қырғыз үкіметі.
Ресми мәлімет бойынша, қор мақсаты — Қырғызстан экономикасының болашағы бар секторларындағы жобаларды қаржыландыру. Мұндай секторларға агроөнеркәсіп, тігін және мақта-мата өнеркәсібі, сонымен бірге тау-кен және металлургия өнеркәсіпкері кірген.
Өзбек-қырғыз қорын құру туралы шешім былтыр желтоқсанда қабылданған. Биыл наурызда қырғыз президенті Садыр Жапаровтың Өзбекстанға сапары кезінде бірлскен қор құру туралы келісімге қол қойылды.