Өзбек-қырғыз даму қоры Қызыл-Кие логистика орталығын құрып жатыр

Өзбек-қырғыз даму қоры Қырғызстаның Баткен облысындағы Қызыл-Кие қаласында халықаралық транзитке арналған логистика орталығын құру жобасын жүзеге асырып жатыр.

Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің 14 шілдедегі жиналысында сөз болды, деп мәлімдеді үкімет басшысы Ақылбек Жапаров.

Оның айтуынша, жаңа нысан Қызыл-Кие қаласындағы ескі әуежай орнында бой көтереді. Жобаның техника-экономика негіздемесі дайын. «Осы жобаның көмегімен Қытайдан Ферғана алқабына, әрі қарай ЕАЭО елдеріне, сосын Еуропаға жаңа сауда жолы ашылады деп үміттенеміз», – дейді Ақылбек Жапаров.

Үкімет басшысы венгр-қырғыз даму қоры жұмыс істей бастағанын, ал орыс-қырғыз даму қоры 2022 жылы 75 млн доллардың жиырма жобасын жүзеге асырғанын айтты.

Еске салайық, жақында ғана құрылған Өзбек-қырғыз даму қорының жарғылық капиталы — 50 млн доллар, болашақта қор қаражаты 200 млн доллар болады деп жоспарланған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий