Өзбек үкіметі Ресейден сатып алатын газ бағасын айтпады

Өзбекстан энергетика министрі Журабек Мирзамахмұдов Ресейден сатып алатын газ бағасын жариялауға болмайды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бағаны белгілеу кезінде «нарық бағасы мен ұлттық мүдде» ескерілген.

16 шілдеде Петербург халықаралық экономикалық форумында Өзбекстан үкіметі мен ресейлік «Газпром» газ саудасы туралы келісімге қол қойды. Ресей 1 қазаннан бастап көгілдір отынды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға жеткізе бастайды. Келісім екі жылға жасалған. Ресей Өзбекстанға тәулігіне 9 млн текше метр, ал жылына шамамен 2,8 млрд текше метр газ сатады.

Қыста Өзбекстан энергетикалық дағдарысқа тап болды. Қақаған аязда газ табылмай қалды. Соның салдарынан жылу мен газ беру тоқтады.

2022 жылғы қарашада Ресей Өзбекстан мен Қазақстанға «үштік газ одағын» құруды ұсынған. Сол кезде Өзбекстан энергетика министрі Журабек Мирзамахмұдов Ташкент «газ үшін саяси байлам жасауға ешқашан бармайды» деп мәлімдеген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий