Өзбек билігі: Гүлнара Каримоваға тиесілі 10 млн доллар Франциядан елге қайтарылды

Гүлнара Каримованың заңсыз тапқан мүліктерін қайтару жұмыстары нәтижесінде Өзбекстанға Франциядан 10 миллион доллар қайтарылды.

Өзбекстанның әділет министрлігі бұл мәліметті 15 ақпанда таратты, бірақ онда ақшаның нақты қашан қайтарылғаны туралы дерек айтылмаған.

Министрліктің хабарлауынша, 2020 жылғы мамырда да Франциядан Өзбекстанға Каримованың активтері делінетін 10 млн доллар елге қайтарылған. Швейцария, АҚШ, Франция, Ресей және басқа да елдердің биліктерімен активтерді қайтару жұмыстары жүріп жатқаны хабарланды.

Швейцария мен Өзбекстан арасындағы келіссөздердің кезекті раунды 11 ақпанда өтті. «Өзбекстанға қайтарылатын шамамен 131 млн доллар дайын тұр», — делінген әділет министрлігі таратқан мәліметте.

Өзбек соттарының Гүлнара Каримоваға қатысты шығарған шешімдерін Мәскеу қалалық соты мойындаған, енді Ресей тарапы активтерді Өзбекстанға қайтару жұмыстарын жүргізе бастайды, деп хабарлады министрлік.

Ташкент қалалық соты 2020 жылғы 18 наурызда Гүлнара Каримованы 13 жыл төрт айға соттады. Каримова ақша бопсалады, бюджет қаражатын талан-тараж етті, заңсыз жолмен ақша жасады деп танылды. 2019 жылғы көктемнен бері ол Зәңгіатадағы (Ташкент облысы) № 21 әйелдер колониясында отыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий