Өзбекстандық Шахобиддин Юсупов 25 жылдан бері Харьков қаласында тұрады. Оның «Наурыз» мейрамханасы бар.
Соғыс кезінде Шахобиддин мейрамхана жанынан ашық аспан астындағы асхана ашып, күнде жүздеген қала тұрғындарын тегін тамақтандырып жүр.
Шахобиддинді жергілікті тұрғындар Шах деп атайдыү Оның «Наурыз» мейрамханасы соғысқа дейін танымал болған. Қала әуе соққысынан қатты зардап шекті, бірақ шығыс мейрамханасының ғимараты бүлінбеген.
Мейрамхана қызметкерлері күнде 500 адамға жететін палау асады.
«Тамақты Шахтың өзі пісіреді. Нан жабады, палау басады. Оны адамдарға тегін таратады», — дейді асханаға келген тұрғындардың бірі. Мұнда тамақтанатын адамдардың дені үйсіз қалған. Олардың тамақ істеп жейтін асханасы жоқ.
Харьков тұрғындары мейрамханға қызметкерлеріне тамақ істеуге көмектесіп жүр. «Сәбіз ашу керек болса, біз көмектесуге дайынбыз. Жиырма шақты күн болды, осында жүрміз. Күнде тамақтың жаңа түрі. Үлкен қазанға пісіреміз. Тегін. Есеп ашуды ұсынғанмын, бірақ Шах оған қарсы шығып, көмегі шын жүректен екенін айтты», — дейді қала тұрғыны Вероника Бородина.