Өзбек вице-премьері Раматов отбасындағы жемқорлықты қаржы полициясы тексереді

Өзбекстанның бірінші вице-премьер-министрі Ачилбай Раматов отбасына тиесілі оффшордағы компания қаржы полициясының назарына ілікті.

Өзбектің жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттігі вице-премьер-министр Ачилбай Раматовтың әйелі Рано Раматоваға тиесілі оффшордағы компания мен Швейцариядағы банк есептерін тексере бастады.

Биыл ақпанда Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықты зерттеу жөніндегі орталық (OOCRP) Раматованың Credit Suisse банкіндегі есебінде 1 миллион доллардан астам қаражат жатқанын хабарлаған. Daryo басылымына берген сұхбатында Раматова мұндай айыптауды жоққа шығарып, оның және отбасының шетелдегі банктерде ешқандай есебі жоқ деп мәлімдеді. OOCRP мәліметінше, «Узбекистон темир йуллари» компаниясынан ақша жымқыру мақсатында Раматовтың әйелінің атынан оффшорда арнайы компания ашылған.

Өзбекстанның қаржы полициясы Ачилбай Раматовтың оффшордағы қаржы ойынын тексереді. Ачилбай Раматов «Узбекистон темир йуллари» компаниясын он жылдан астам уақыт басқарып келеді. Бұның алдында Жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің басшысы Акмал Бұрханов өзбек шенеуніктеріне шетелде банк есебін ұстауға тыйым салынғанын мәлімдеген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий