Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев «Өзбекстан мен Қазақстан арасында өзбек-қазақ мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі келісімді мақұлдау туралы» заңға қол қойды.
Заң 3 маусымда Ұлттық мәліметтер базасында жарияланды. Құжатқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы желтоқсанда Өзбекстанға сапары кезінде қол қойған.
28 наурызда Тоқаев келісімді мақұлдау туралы заңға қол қойды.
Келісімге сәйкес, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекараның демаркациялық сызығы 2 356 шақырымнан асады. Шекара 2021 және 2022 жылдары Ташкент пен Астана арасындағы келісімдер негізінде демаркацияланған.
Өзбекстан мен Қазақстан шекараны демаркациялау туралы келіссөздері 2003 жылы бастаған. Шекара белгілерін орнатуға қатысты дала жұмыстары 2004 жылы басталып, 2021 жылы аяқталды.
Zakon.kz сайтының хабарлауынша, екі ел арасындағ шекара Сырдария мен Келес өзендерінің ағысы өзгеруіне байланысты 5 шақырымға созылған.
«Шекара әдеттегідей өзен бойымен анықталады. Қазір шекара ұзындығы — 2356 шақырым 666 метр. Енді ол 5 шақырымға ұзарды» деп мәлімдеген Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Васильченко.
Құжатта енді шекарада өзен сағасының өзгеруі шекара сызығын өзгертуге негіз болмайтыны айтылған.