«Өзбекстан» қонақ үйі Израиль туын неге көрсеткенін түсіндірді

Ташкенттегі «Өзбекстан» қонақ үйінде Израиль туының көрсетілуі әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады.

Бұл оқиға Палестина-Израиль жанжалы өршіп тұрғанда болып отыр.

Бір ай бұрын, 14 сәуірде, Израиль тәуелсіздігінің 73 жылдығына орай «Өзбекстан қонақ үйінің бір іргесі Израиль туына боялған. Оның Таяу Шығыстағы қазіргі оқиғаларға ешқандай қатысы жоқ деп мәлімдеді қонақ үй өкілдері.

Қонақ үй қызметкерінің айтуынша, Израильдің Өзбекстандағы елшілігімен келісім жасалған. «Біз Өзбекстан дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан елдердің туын ғана көрсетеміз. Заңға қайшы емес», — деді қонақ үй қызметкері.

Таяу Шығыстағы атыстың басталғанына бес күн болды. Дүйсенбі күні жүзден астам палестин қаза тапты. Израильдің сегіз азаматы мерт болды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий