Өзбекстан қорғаныс министрлігі «Sputnik Ауғанстан» ақпарат агенттігінің өзбек дрондары Ауғанстанның әуе кеңістігін бұзды деген мәліметін жоққа шығарды.
«Жалған ақпарат. Өзбекстан әскери әуе күштері көрші елдің әуе кеңістігін бұзған жоқ», – делінген Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.
Министрліктің ресми жауабында Өзбекстан әуе қорғанысы көрші елдің әуе кеңістігінің бұзылғанын тіркемеді делінген.
«Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің авиациясы белгіленген тәртіпке сай әскери күзет жүргізеді», — делінген министрлік мәлімдемесінде.