Өзбекстан қырғыздың Ош қаласындағы Бабыр атындағы театрды жөндеуге 5 млн доллар бөледі

Проект нового театра им. Бабура в Оше

13 қыркүйекте Бабыр атындағы Ош мемлекеттік академиялық өзбек музыкалық драма театрында жөндеу жұмыстары басталды.

Өзбекстан мен Қырғызстан Ош қаласындағы өзбек театрын жөндеуге келіскен. Жөндеу жұмыстары келесі жылдың басында аяқталады.

Жоба құны — 5 млн доллар. Оны өзбек тарапы бөледі.

Жөндеу жобасына сәйкес, театрдың сыртқы келбеті толық өзгереді.

Өш қаласындағы өзбек театры — Орталық Азиядағы ең алғашқы театрлардың бірі. Ол 1918 жылы ашылған. Мәдени орталық 2004 жылы «академиялық театр» мәртебесіне ие болды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий