Өзбекстан Ұлттық банкі 15 шілдеден бастап 200 мың сумдық банкнотты айналымға шығару жөнінде шешім қабылдады.
Ұлттық банктің хабарлауынша, банкноттарда «Ұлы Жібек жолы» және Ферғана алқабының көне тарихы көрініс табады.
Банкноттың оң жағында «Ұлы Жібек жолын» сипаттайтын түйе бейнесіндегі су белгісі мен «200000» номиналы орналасқан. Ақша көгілдір түспен боялған.
Банкноттың басты бетінің сол жағында Ферғана облысы Қоқан қаласындағы сол жақ бетінде «Xудоерхон урдаси» («Құдиярхан ордасы») сәулет ескерткіші бейнеленген.
Былтыр желтоқсанда Өзбекстан 50 мың және 100 мың сумдық банкноттарды айналымға шығарған. Бұл ақшалар Сұрқандария мен Хорезм тарихына арналған.