Өзбекстан ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар шығара бастайды (видео)

Өзбекстан Орталық Азияда алғаш рет ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын (дрон) шығарады. Өзбекстанның қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі мемлекеттік комитеті осылай деп хабарлады.

Комитеттің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, мекемеде ұшқышсыз авиация кешендері ғылыми-өндіріс орталығы құрылды. Орталықта шығарылатын «Лочин» ұшқышсыз ұшу аппараттары халықаралық техника талаптары мен стандарттарына сай болады.

Орталықта өндіріске қажетті технологиялар бар.

Мемлекеттік комитет дрон өндірісі елдің нақты қай аймағында орналасқанын, қай елдердің технологиясын қолданатынын, бір аппаратты құрастыруға қанша қаражат кететітін, сонымен бірге оларды қай елдерге экспорттайтынын хабарламады.

Комитет мәліметінше, дрондар бірнеше мақсатта қолданылады: барлау мен бақылау, соққы беру, ақпарат алу, артиллерия процесін басқару, сонымен бірге картография, топогеодезия, қорықтарға, жолдарға, әлеуметтік инфрақұрылымдарға, ауыл шаруашылығы, мұнай және газ, орман, темір жол, геологиялық секторға мониторинг.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий