Өзбекстан әскері коронавирусқа қарсы 100% вакцина салғызды. Осылай деп қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бірінші компонентін 94,7%, екіншісін – 91,6% және үшінші компонентін – 61,1% әскери қызметкер алған. Олардың дені ZF-UZ-VAC-2001 вакцинасын салғызған. Бұдан бөлек «Спутник V» және Moderna вакциналары салынып жатыр.
Тамыз айынан бастап күш құрылымдары қызметкерлеріне ковид вирусына қарсы жаппай вакцина салу басталған. Оларға арнайы 647 медбике дайындаған.
Арнайы комиссия шешіміне сәйкес, Өзбекстанда 1 қыркүйекке дейін әскери қызметкерлер толық вакцина алуы қажет.