Өзбекстан президенті зергерлік саланы қолдау бойынша арнайы шаралар қабылдайтынын хабарлады.
Оған сәйкес, 1 желтоқсаннан бастап жеке тұлғаларға елден 10 мың долларға дейін зергерлік бұйымдарды шығаруға рұқсат беріледі (қазір 5 мың доллар), зергерлер шикізатты алып кіру және шығару үшін арнайы лицензиядан босатылады және бағалы тастарды импорттау үшін салық төлемейді.
7 қарашада Шавкат Мирзияев жергілікті өндірісті дамыту бойынша жиналыс өткізген. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.
Мирзияев облыс басшысына Самарқанд, Бұхара, Қоқанда зергерлік бойынша сауда-өндіріс кешендерін жұмыс істетуді тапсырды.
2019 жылы зергерлер өндірілген бұйымдарға өз алдына проба құюға және сатуға, бұдан бөлек халықтан бағалы металлдарды, тастарды және олардан жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат алған.