Өзбекстанның шекара аумағында 5 шілдеде сағат 16:20 шамасында бес реактивті снаряд құлағаны мәлім болды. Олар Ауғанстан аумағында атылған болуы мүмкін. Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде осылай делінген.
«Снарядтар жерге түскен уақытта жарылмады, сол себепті адам шығыны тіркелмеді, нысандар зардап шекпеді», — деп хабарлады СІМ
Термездегі «Мажнунгол» махалласындағы төрт жекеменшік үй аздап бүлінген, бесінші снаряд футбол алаңынан табылды, делінген сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде. «Табылған снарядтарды сапер бөлімі залалсыздандырды».
Еске салайық, биыл сәуірде Өзбекстандағы кейбір ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде «Ислам мемлекеті» ұйымының Хорасан бөлімі Ауғанстан аумағынан Өзбекстанның Сұрқандария облысындағы әскери нысандарға он ракета атқаны туралы мәлімет жарияланды. Алайда Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мұндай мәліметті арандатушылық деп атады.