Өзбекстан азаматтарын Польша арқылы шығарып жатыр, сол жақтан елге жеткіземіз деп хабарлады Киевтегі өзбек елшілігі.
«Шекарадан тек Украинадағы және Польшадағы елшілік өкілдерінің еріп жүруімен ғана өте аласыздар, басқа жағдайда қиындыққа тап болуыңыз мүмкін», – делінген хабарламада.
Елшілік эвакуация кезінде алдымен әйелдерге, балаларға, студенттерге және қарияларға басымдық берілетінін жеткізді.
Ресми мәлімет бойынша, Украинада 4300 өзбек азаматы бар.