Өзбекстан билігі үкіметтік емес ұйымдарға шетелден көп қаражат алуға рұқсат берді

Өзбекстан билігі елдегі үкіметтік емес ұйымдарға шетелдегі қаржы көздерінен көп ақша алуға рұқсат берді.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, президент жарлығына 3 наурызда қол қойылған.

Құжатқа сәйкес, үкіметтік емес ұйымдарды қайта тіркеу мерзімі бір айдан 15 күнге қысқарды.

Бұған қоса, Өзбекстанның үкіметтік емес ұйымдарын қолдау қоғамдық қорына мемлекеттен субсидия бөлінеді. Қаражат үкіметтік емес ұйымдардың бағдарламалары мен жобаларын қолдауға жұмсалады.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий