Өзбекстанда 2017 жылы валюта нарығын либерализациялауға дейін доллармен несие алған жүздеген кәсіпкерге банкротқа ұшырау қауіпі төніп тұр.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша жылыжай, мұздатқыш қоймалар және бақша салу үшін жүз мыңдаған несие алған кәсіпкерлердің қарызы бір күнде екі есеге көбейген.
2017 жылдың 2 қыркүйегіне дейін Өзбекстанда 1 АҚШ долларының бағамы 4 100 сум болса, валюта либерализациясынан кейін 8 100 сумды құраған.
Енді банктер кәсіпкерлерден несиені доллардың жаңа бағамы бойынша төлеуді талап етіп жатыр. Қарызын төлей алмағандарға қылмыстық іс қозғалып, бірқатары еркінен айырылса, өзгелеріне сот процесі жүріп жатыр.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2016-2017 жылдары аймақтарға барған сапарлары кезінде кәсіпкерлерге жылысай, мұздатқыш қоймалар салу үшін несие алуға үндеген.