Өзбекстан елге кірерде экспресс-тест тапсыру талабын алып тастады

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 25 қаңтардан бастап халықаралық әуежайларда, темір жол вокзалдарында және шекара бекеттерінде коронавирустың экспресс-тестін тапсыру талабы алып тасталынды.

15 қаңтарда коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты Өзбекстан елге кіру тәртібін қатайтқан. Республика аумағына кіретін азаматтар экспресс-тест тапсыруы керек болған. Мұндай тексеру 5 доллар тұрады.

Алайда мұндай шектеудің салдарынан шекара бекеттерінде, әуежайлар мен вокзалдарда кезек ұзарды. Жолаушылар тексеруден өту орындарында ұзақ уақыт тұруға мәжбүр болды. Сол себепті олар мұндай жағдайда вирус жұқтыру қаупі ұлғаятынын алға тартты.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий