Өзбекстан көне Құран ұрланды

Өзбекстанның Наманган облысы Чартак ауданында қасиетті Құранның қолдан жазылған көшірмесі ұрланды.

Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 10 тамызға қараған түні сағат 00:04 шамасында болған. Белгісіз біреулер «Баликкул» махалласындағы «Султон Увайс Караний» тәу ету орнындағы қолжазбаны ұрлаған.

Ұрлық қылмысына қатысты іс қозғалды.

Жібек матадан дайындалған қолжазба 1874 жылы толтырылған. 426 беттік кітаптың әр бетінде 13 аяттан жазылған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий