21 ақпанда Ташкенттің Чилинзар ауданының соты Кинематография агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликовқа қатысты әкімшілік іс бойынша үкім шығарды.
Сот шешімімен Фирдавс Абдухаликов мемлекеттік сатып алу заңдарын бұзды деп танылып, оған 8 100 000 сум (шамамен $750) айыппұл салынды.
24 қаңтарда қаржы полициясы Фирдавс Абдухаликов сериалдар сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиядан кем дегенде 8 миллиард сумды әйелі, баласы мен қызына тиесілі компанияларға аударғанын әшкерелеген.
1 ақпанда Абдухоликовқа әкімшілік тәртіпті бұзғаны үшін айып тағылып, оның ісі Чиланзар ауданының сотына жолданған.