Өзбекстан коронавирусқа қарсы күрес пен вакцина алуға қосымша 1,3 триллион сум бөлді

Өзбекстан парламенті комиссиясының отырысында коронавирусқа қарсы күрес пен вакцина сатып алуға қосымша 1,3 триллион сум ($120 млн.) бөлу туралы шешім қабылданды.

Комиссия отырысында елдегі санитария және эпидемиология қызметінің сапасын арттыру мәселесі де талқыланды.

Депутаттар вирустың балалар, соның ішінде оқушылар арасында жиі таралып жатқанын сөз етті.

Ресми хабарламада айтылғандай, 2021 жылға арналған бюджетте коронавирус пандемиясына қарсы күрес пен вакцина сатып алуға 3 триллион сум қарастырылған, бірақ қаражат таусылған.

Санитария және эпидемиология қызметінің мәліметінше, елде 18 жастаған асқан 21,45 млн адамға вакцина керек.

12 қазанға дейінгі мәліметке қарағанда, республикада 7 млн 240 мың адам вакцинаның екі дозасын да қабылдаса, 12 млн 400 адам алғашқы дозасын салдырған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий